Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте, батыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.
Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.