ШҚО-да тұман күтіледі

569
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші 23-28 м/с артады. Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 25 м/с артып,Қостанай облысының солтүстік-батысында желдің күші 23 м/с жетеді.