Бүгін республиканың басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.
Солтүстікте, орталықта және оңтүстік облыстарда жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін дейін жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.