ШҚО-да тұман күтіледі

383
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ауқымды антициклонның ықпалымен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с күшейеді.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады.