ШҚО-да тұман күтіледі

275
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек шығыста және солтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында, орталығында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, солтүстігінде түнде тұман күтіледі.