Суық антициклон ел аумағында өз әсерін сақтауына қарай көптеген өңірлерде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронттардың әсерінен қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі. СҚО, Түркістан облысының солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
ШҚО, Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетіп, кей аудандарында тұман түсіп, бұрқасын соғуы деп күтілуде.