Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің қалған аумақтарында Солтүстік антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20, түнде 23 м/с күшейеді деп болжауда.