Бүгін еліміздің батыс аудандарына солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады және ауа температурасы көтеріледі.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде ШҚО-да жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.