Атмосфералық ауа ағындардың өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстік жартысында кей жерлерде қар жауып, ал қалған бөлігінде жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.