Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Манғыстау, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.