Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, бұрқасын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді деп күтіледі.
ШҚО-ның Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.