ШҚО-да тұман түседі

456
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін фронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшеюі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.