ШҚО-да тұман түседі

250
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, кей аймақтарда қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сәйкес республиканың батысында – жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде күн ашық. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

ШҚО-да боран соғып, тұман түсуі болжанады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.