ШҚО-да тұман түседі

414
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар болжамынша, республика өңірлерінде жаңбыр, қар жауады. Тек оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-шығысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, ШҚО-ның кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.