Еліміздің басым бөлігінде антициклон шоғыры әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында аздаған қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Түркістан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Атырау облысының кей жерлерінде 17-22 м/с күшейеді деп күтіледі.
Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түседі.