Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі деп болжануда.