Республиканың басым бөлігінде әлі де ауқымды антициклон ықпал етуіне байланысты, бірқатар өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек оңтүстікте және оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіліп, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіліп, ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түседі деп болжауда.