ШҚО-да тұман түседі

453
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, соның салдарынан бірқатар өңірде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығысынан атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп болжануда.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшейеді. Батыс және оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, батысында бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді деп күтілуде.