Қазгидромет мәліметінше, бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде күн райы суытады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан дауыл соғып, жел екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.