ШҚО-да тұман түседі

643
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронттар еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарына әсер етуі салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синопткитер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады.

Павлодар облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында тұман түседі деп болжануда.

ШҚО-ның оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.