Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күшеюі ықтимал.
Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түсіп, күндіз шығысында, оңтүстігінде жел секундына 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Синоптиктер болжамынша, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.