ШҚО-да тұман түседі

357
көрілім
Шартты фотосурет

Сәрсенбіде антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін сақтауынан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік пен шығыста қар жаууы ықтимал. Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Атырау облысының батысы мен орталығында жел 17-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжануда.