ШҚО-да тұман түседі

454
көрілім

Бейсенбіде еліміздің барлық аумағында ауқымды антициклонның әсерінен күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

ШҚО-ның оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.