Бүгін ШҚО-да фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің бірнеше аймағында қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын–шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте таулы аудандарда нөсер жауын жауады.
Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.