Қазгидромет таратқан мәліметке қарағанда, бүгін еліміздің оңтүстігіне әдеттегідей антициклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлеріңде тұман түсуі ықтимал.