ШҚО-да тұман түседі

263
көрілім
Шартты фотосурет

Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Ақмола облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқып, шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының солтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын соғуы ықтимал.

Синоптиктер түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман түседі деп болжауда.