Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар сөзінше, еліміздің солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысының ауа райын циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайды – кей жерлерде қар жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күшейіп, елімідің солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.