Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен еліміздің солтүстік жартысында қар түрінде жаяу бұрқасын, оңтүстік жартысында жаңбыр жаууы болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжануда.