Алдағы үш күнде елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп, тұман сақталады.
Ауа температурасы:
- батыста +30+35°С;
- солтүстік-батыста +23+33°С;
- солтүстікте +17+25-тен +23+30°С-қа дейін;
- орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін;
- шығыста +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін;
- оңтүстікте +27+32°С;
- оңтүстік-шығыста +20+28°С.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында үсік жүріп, тұман түсуі мүмкін.