ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

384
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжауда. Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман түсуі ықтимал, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында 3 градус үсік жүреді.