ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

313
көрілім

Кең ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болып, тек батыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшейіп, батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігі мен орталығында жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

ШҚО-ның Жарма ауданында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында, Павлодар облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде ШҚО-ның оңтүстік шығысы мен таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.