ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

325
көрілім
Шартты фотосурет

Ауқымды антициклонның ықпалымен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Ал шығысында жаяу бұрқасын, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал, түнде оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Облыстың бірқатар аудандарында жаяу бұрқасын болады деп болжануда.