ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

337
көрілім

Бүгін ауқымды антициклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жаумайды, күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінле тұман түседі.