Скандинавия аймағынан келген циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Қазгидромет" РМК мәлімеьінше, тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел қарқыны 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Синоптиктер ШҚО-да жаяу бұрқасын болады деп болжауда.