Циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Павлодар облыстарында желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады.