ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

336
көрілім

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағыны әсерінен қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандар болжамынша, елдің тек батысы мен оңтүстік-батысына орталығы Самарада орналасқан антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с -қа дейін артады.