Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түсуі күтіледі.
Синоптиктер Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады деп болжауда.