ШҚО-да тұмаумен ауыратындар саны азайды

310
көрілім

Республиканың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, елімізде ең көп кездесетін тұмау түрі – В штаммасы, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО-да 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап жедел респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 7057 жағдайы тіркелген, оның ішінде 1593-і осы жылдың алғашқы аптасында ауырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз.

- Осы маусымда облыс орталығындағы жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деуге болады. Жыл мезгіліне сәйкес келеді, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли. - Жалпы алғанда 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бастап жедел респираторлы вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) 3920 және В типті тұмаудың төрт жағдайы тіркелді. Яғни өткен жылмен салыстырғанда тұмау үш есеге азайған.