ШҚО-да тұрғындардан сүт қабылдау жұмыстары жаңа қарқын алмақ

334
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов мал иелері өздері өндіретін сүтті тапсыруға нақты мүмкіндік алуы тиіс екендігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Ең бастысы, біз соңғы үш-төрт жылда халықтан сүт сатып алуды он есеге арттырдық. Бұрын 3,6 тонна сатып алып жүрсек қазір оның көлемі 36 мың тоннаға дейін жетті. Мұнымен тоқтап қалмай сатып алуды одан әрі ұлғайтатын боламыз, – дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы айтқан кезде жалған ақпарат бермей шынайы жағдай жасау керек. Сондықтан әрбір әкім осы мәселемен айналысқаны дұрыс.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ