ШҚО-да туризмді дамытудың негізгі капиталына 7,4 млрд теңге инвестиция тартылды

1917
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында кеңес мүшелері Риддер қаласында, Катонқарағай және  Алтай, Самар аудандарында туризмді дамыту жөніндегі  атқарылып жатқан жұмыстарды және Шығыс Қазақстан облысындағы көлік инфрақұрылымының жай-күйі және оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері сынды мәселелерді талқылады.
- Партияның сайлауалды бағдарламасында басымдық берілген бір бағыт ол осы ішкі туризмді дамыту мәселесі. Өңірімізде туристерді тартуға қолайлы көріктті орындар жоқ емес. Сондықтанда осы саладағы жұмыстарды жүйелі әрі сапалы жүргізу маңызды. Атқарылған жұмыстар мен кейбір кемшіліктер бойынша кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтатын болады. Жалпы осы саладағы мәселелерді депутаттармен қатар кеңес мүшелеріде бақылауда ұстайтын болады, - деді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Ренат Уразбаев.


Өңірдегі туристік саласының көрсеткіштері оң серпінді көрсетуде. Биылғы бес ай бойынша саланың негізгі капиталына 7,4 млрд. теңге инвестицияланды.
Бұл туралы партияның облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабаков жеткізді.
- Туризмді дамыту мақсатында облыс әкімдігі Алтай, Самар, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Қазіргі таңда Алтай ауданы бойынша 2025 жылға дейін орындалуы тиіс іс-шараның нақты жоспары дайын деуге болады. Ал Катонқарағай ауданында эко - этно-медициналық туризмді дамытуды қолға алу жоспарлануда, - деді Марат Саятұлы.