Қаңтар айының 24-нен бастап отбасында мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция отбасында болатын құқық бұзушылықтар, рецидивтік қылмыстар жасауға бейім адамдарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Ащы судың буымен жанұясында ұрыс-керіс шығаратын жандардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.
- Осыған байланысты азаматтардан отбасындағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді заңсыз сату туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда «102» арнасына хабарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.