Оқиға Өскемендегі №17 түзету мекемесінің күзету аумағында болған.
Өткен түні сағат 21:40 шамасында Өскемендегі №17 түзету мекемесінің күзету аумағында қарауыл сақшысы өзін күдікті ұстаған белгісіз біреудің жүргенін байқап қалады. Ұлттық ұлан жауынгері дереу қарауыл бастығына баяндап, белгіленген аумаққа жіберілген түзету мекемесінің патрульдік тобы күдікті Г.-ны қолға түсіреді. Тексеру барысында ұсталған азамат сотталушыларға скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болғаны анықталды.
Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы.