Облыс орталығының полиция қызметкерлері мас күйінде қоғамдық орындарда жүрген азаматтарды үйлеріне алып кетуге мәжбүр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Күн сайын патрульдік полиция ондаған мас азаматтарды ұстайды. Мереке күндері олардың саны 90-100 адамға дейін жетеді.
- Адамдар мас күйінде көбінесе өздері қылмыс жасайды не оларға қарсы заңсыз әрекеттер орын алады, - дейді патрульдік полиция батальонының командирі, полиция майоры Бейбіт Мұсақанов.
Қаланың уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында небәрі 12 орын бар. Сол себепті жыл басынан бері айықтыру орнына әкелінген жеті мыңнан астам адамды үйіне жіберуге тура келді.
- Ұсталғандарды дәрігер анықтап қарайды. Егер айықтырғышқа жатқызу қажет болмаса, онда патрульдік бригада азаматтарды үйлеріне жеткізеді, - деп толықтырды Мұсақанов.