ШҚО-да Ұлы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 500 мың теңгеден табысталады

636
көрілім
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың шешімімен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан өңірінде тұратын ҰОС ардагерлеріне жарты миллион теңгеден табысталады.

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, биылғы жылы мереке қарсаңында ҰОС ардагерлерімен қатар тыл ардагерлеріне ақшалай сыйақы беріледі. Ұлы Жеңіске 70 және 71 жыл толғанда да ардагерлерге осы мөлшердегі сома берілген болатын.

Осылайша, бейбіт күнде ардагерлер өзінің балалары мен немерелеріне көмегін тигізе алады, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан өңірінде 231 ҰОС ардагері мен соғыста мүгедек болып қалған 99 ардагер, 25 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады. Жыл бойында облыстық бюджеттің есебінен оларға демалысқа шығу бойынша жолдама берілмек.

Аян Өрібаев