ШҚО-да ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттері табысталды

890
көрілім

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне жалпы саны 16 мың адамға азық-түлік себеттері табысталды.

Бұл жайлы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының XXV есептік-сайлау конференциясында айтылды.

- Бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының, партияның аумақтық және өңірлік филиалдарының жұмысындағы негізгі басымдық, сөзсіз, «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әрбір ауданның, қаланың, облыстың Жол карталарында бекітілген халықтың барлық өтініштері мен ұсыныстарын бақылауды ұйымдастыру және мінсіз орындалуын қамтамасыз ету, - деді Даниал Ахметов.

Жарыссөзде сөз сөйлеген партия белсенділері, облыстық филиалдың Саяси кеңесінің жұмысына баға бере отырып БПҰ төрағалары, депутаттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары партия жұмысының түрлі аспектілеріне тоқталды.  
Сондай-ақ конференцияда партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Бақылау-тексеру комиссиясы құрамы сайланды.