«БЭСК» АҚ және «Шығысэнерготрейд» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр энергиясының ақысын төлеуге көмектеседі.
«БЭСК» АҚ және «Шығысэнерготрейд» ЖШС ардагерлерге тұтынылған электр энергиясын үш ай ішінде - шілде, тамыз, қыркүйек аралығында төлейді.
«Екінші жыл қатарынан біз бұл қайырымдылық эстафетасын қолдап отырмыз, және үшінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын және біздің тұтынушыларымыз болып табылатын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұтынылған электр энергиясының ақысын төлеп береміз. Ақшалай қаражат ардагерлердің жеке шоттарына электр энергиясын төлеу есебіне аударылады. Бұл түбіртектерде көрсетіледі» , - деп түсіндірді «БЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Мақанов.
Сонымен қатар, энергетиктер жыл сайын компания қызметкерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және ауғандықтарға азық-түлік себеттерін тиісті санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып беруді қолға алған.
ҰОС ардагерлерінің тізімін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұсынады. Бүгінгі таңда ШҚО-да Ұлы Отан соғысының 100-ден астам ардагері тұрады, олардың арасында соғыс майданына қатысушылар, концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары, сондай-ақ қоршаудағы Ленинград тұрғындары бар.