ШҚО-да ұрланған көлікті мас күйінде жүргізген

414
көрілім
Шартты сурет

Ер адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, үш жылға түзету колониясына жіберілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Наурыз айында полиция қызметкерлері 31 жастағы өңір тұрғыны басқарған көлікті тоқтатып, құжаттарын тексерген. Тәртіп сақшылары жүргізушіден алкогольді ішімдіктің иісін байқаған.

– Жүргізілген тексеру нәтижесі орташа дәрежедегі алкогольдік сусынды пайдаланғанын көрсетті. Сонымен қатар, 2020 жылы аталған азаматқа Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес 50 500 теңге айыппұл салынып, үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дегенмен соған қарамастан ол тағы да мас күйінде көлік жүргізген. Сонымен қатар оның тізгіндеген көлігі ұрланған болып шықты.

- Жасалған теріс қылықтардың қайталануын ескере отырып, 31 жастағы жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 1-бөлігіне (айдап әкету), ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотталды. Онда оған көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.
Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде (қоныс-колониясы) өтейді.