ШҚО-да ұрланған мал етін өткізу орындары тексерілуде

354
көрілім

Қараша айының 15-нде өңір аумағында басталған мал ұрлығының алдын алу шарасы барысында ет тасымалдаған 139 көлік тексерілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс - шараның бірінші күні ШҚО полицейлері мал мен ет өнімдерін тасымалдаған көліктерден бөлек, 122 шаруа қожалығы мен мал бағу орындары, ұрланған малды сату фактісі бойынша (базарлар, дүкендер, павильондар) 69 мал және ет өнімдерін сату орындарына тексеріс жүргізді.
ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабында көзделген ветеринария саласында (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу), оның ішінде 17-і мал және ет өнімдерін тасымалдағаны үшін, біреуі мал және ет өнімдерін сату бойынша 18 құқық бұзушылық анықталды (барлық материалдар ветеринариялық қызметтерге жіберілді әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды).
- Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) сәйкес мал жаю ережелерін бұзған 56 мал иесі жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде полиция қызметкерлері өңір тұрғындарына малды қараусыз қалдырмауға, таңбалап, биркалауға кеңес береді, - делінген мәліметте.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда жақын жердегі полиция бөліміне немесе «102» жедел арнасына дереу хабарласуға болады.
Айта кетейік, «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы 24 қарашаға дейін жалғасады.