ШҚО-да ұрланған мал етін тексеру кезінде екі құқық бұзушылық анықталды

1155
көрілім

Қаңтар айының 28-29 күндері ШҚО ПД криминалдық полиция бөлімшелері учаскелік инспекторлармен тізе қосып, ұрланған мал етін сатып алу фактілерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шара Өскеменді қамтыды. Тәртіп сақшылары базарлар мен павильондарды аралап 12 ет өткізу орны, 42 ет өнімін тасымалдайтын автокөлікті тексеріп, соған сәйкес ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша екі бұзушылық анықталды (ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны үшін).
Сонымен қатар рейдтік шаралар барысында ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ет өнімдерінің иелері мен сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.