Шемонаиха полиция бөліміне 33 жастағы ер адам қоңырау шалып пәтеріне ұры түскенін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқиға 21 шілде күні сағат түңгі 02.20-да болған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу үйдің терезесін шағып кіріп 400 еуро көлеміндегі (172528тг.) ақшасын жымқырған.
– Жедел іздестіру шаралары барысында құқыққорғау қызметкерлері 26 жастағы еркекті ұстады. Айыпталушы полиция бөліміні жеткізіліп, кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.